«Қазгидромет» 16-18 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Болжам бойынша, атлантикалық циклонмен және атмосфералық фронт әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Солтүстік облыста қар, тұман, көктайғақ, екпінді жауын-шашын, боранды жел күтіледі.
17-18 қараша күндері оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қар жауады.
18 қарашада суық солтүстік-батыс антициклонының әсерінен батыс өңірлерде жауын-шашын жаумайды.
Ауа температурасы солтүстік-батыста түнде 12-17 градусқа дейін аяз, күндіз 7-12 градусқа дейін аяз, солтүстік пен орталықта түнде 13-20 градусқа дейін, күндіз 5-15 градусқа дейін аяз, шығыста түнде 6-18 градусқа дейін аяз, күндіз 1-10 градусқа дейін аяз, оңтүстікте түнде 5-13 градусқа дейін аяз, күндіз 5 градусқа дейін жылы болады.