Біз балық баға аламыз ба?
Біз балық баға аламыз ба?
576
оқылды
Былтыр Өзбекстанда 144 мың тон­­на балық ауланған, біздің елде бұл көрсеткіш 52,7 мың тонна көле­мінде. Әйтсе де, қолдағы су ресурстарын ескере отырып, Қазақ­стан­да балық өсіруді 600 мың тонна­ға дейін жеткізуге, ал экспортты 10 есе арттыруға мүмкіндік бар. Бұл кемінде 50 мың жұмыс орнын ашуға ықпал етеді. Бірақ ол қазір қағаздағы жоспар ғана. Қазір дүниежүзі бойынша жыл сайын 100 млн тоннаға жуық балық пен теңіз өнімдері ауланады. Оның 9/10-ы теңіздер мен мұхиттардан, ал қалған бөлігі тұщы сулардан алынады. Бұл балықтың жартысынан астамы алты елдің – Жапония, АҚШ, Қытай, Перу, Чили және Ресейдің үлесіне тиесілі. Ал бекіре балықтарының 90 пайызы – Қазақстан балық шаруа­шылығының үлесінде. Әйтсе де, Қазақстан балықты аз тұтынатын елдердің бірі. Егер ДДҰ нормасы бойынша бір адам жылына кемінде 16 келі балық өнімін тұтынуы тиіс болса, рес­пуб­лика бойынша бұл көрсеткіш 4 келіден де аз. Ал Ис­панияда бiр жылда жан басына шаққанда жылына – 100 келi, Жапонияда – 72 келі, Қытайда – 38,17 келі, Ресейде 20,07 келі балық және теңіз өнімдерін тұтынған. Былтыр Өзбекстанда 144 мың тон­­на балық ауланған, біздің елде бұл көрсеткіш 52,7 мың тонна көле­мінде. Әйтсе де, қолдағы су ресурстарын ескере отырып, Қазақ­стан­да балық өсіруді 600 мың тонна­ға дейін жеткізуге, ал экспортты 10 есе арттыруға мүмкіндік бар. Бұл кемінде 50 мың жұмыс орнын ашуға ықпал етеді. Бірақ ол қазір қағаздағы жос­пар ғана. Қазір дүниежүзі бойынша жыл сайын 100 млн тоннаға жуық балық пен теңіз өнімдері ауланады. Оның 9/10-ы теңіздер мен мұхиттардан, ал қалған бөлігі тұщы сулардан алынады. Бұл балықтың жартысынан астамы алты елдің – Жапония, АҚШ, Қытай, Перу, Чили және Ресейдің үлесіне тиесілі. Ал бекіре балықтарының 90 пайызы – Қазақстан балық шаруа­шылығының үлесінде. Әйтсе де, Қазақстан балықты аз тұтынатын елдердің бірі. Егер ДДҰ нормасы бойынша бір адам жылына кемінде 16 келі балық өнімін тұтынуы тиіс болса, республика бойынша бұл көрсеткіш 4 келіден де аз. Ал Испанияда бiр жылда жан басына шаққанда жылына – 100 келi, Жапонияда – 72 келі, Қытайда – 38,17 келі, Ресейде 20,07 келі балық және теңіз өнімдерін тұтынған.

Балық шаруашылығын дамытуға не кедергі?

Өткен ғасырдың 70-жылдары республикада балық аулау көлемі жылына 100 мың тоннаға дейін жеткен екен. Бүгінде елімізде өндірілетін балықтың көлемі оның жартысын да қамтымайды. Сондай-ақ жыл сайын шетелдерден шамамен 43,5 мың тонна балық импортталатын болса, экс­портқа 30 мың тонна шығарылады. Біздің мемлекет мұхит балығы мен теңіз өнімдерін импорттайды. Олар – скумбрия, майшабақ, мидия, асшаян және басқалары. Бұл өнімдер негізінен Норвегия, Исландия, Қытай, Ресей және Балтық елдерінен әкелінеді. Ал Қазақстаннан алыс және жақын 36 елдерге жалпы 60 млн доллар сомасына 30 мың тонна балық өнім­дерін экспорттайды. Әсіресе, балықтың жон етіне, қақталған-ысталған өнімдер мен мұздатылған балық етіне сұраныс жақсы. Мәселен, көксерке еті Еуропалық одақ елдерінде (Нидерланд, Германия, Польша) қазақстандық бренд ретінде бағаланады, қақталған-сүрленген өнімдер негізінен Украина, Ресей, Литва, Қытай және басқа елдерге жөнелтіледі. Сарапшы­лардың айтуынша, шекара маңындағы аудандарды ескергенде, балық өнімдерінің экспорттық әлеуеті 3 млн тоннадан асып кетуі ықтимал. Ал біздің республика бұл мүмкіндікті пайдаланбақ тұрмақ, әзірге өзінің ішкі нарықтағы сұранысын қана­ғаттандыруға қабілетсіз. Қазақстанда балықтың 150-ден астам түрі кездеседі. Ал балық шаруашылығымен айналысатын су қоймасында балықтың 70-ке жуық түрі бар. Оның 18-іне жойылып кету қаупі төніп тұр. Оның ішінде, әсіресе сирек кездесетін балықтар азайып барады. «Каспий теңізінің ақбалығы мен кутумы, Арал теңізінің шипасы, Балқаштың алабұғасы, көкбасы, Сырдарияның тасбекіресі кеміп кеткен. Оған әсер еткен себеп әртүрлі. Мәселен, Балқаш көліне сазан балығын жіберудің соңы Қызыл кітапқа енген эндемик балықтардың азаюына әкеп соқты», – дейді Балықтарды өсіру және аквамәдениет басқармасының басшысы Нариман Жүнісов. Жалғыз бұл ғана емес, жалпы еліміздегі өзен-көлдерде балық қорының азайып бара жатқанын мамандар көптен бері айтып жүр Бұл – тиімсіз кәсіпшілік, браконьерлік және қоршаған ортаның ластануы. Сонымен қатар соңғы жылдары гидро­логиялық режимнің өзгеруі де балықтардың табиғи жолмен таралуына кесірін тигізуде. Есепсіз аулаудың балықтардың популяциясына зияны өз алдына, тіпті кейбір түрдің құрып кетуіне әкеліп соқ­тыруы мүмкін. Суды лайлау мен уландыру да балықтардың жаппай қырылуына ұрындыруда. Әсіресе, өндіріс орындары­ның құрамында ауыр металдардың тұз­дары, синтетикалық жуу құралы, радиоактивті қалдықтар мен мұнайы бар сулармен таза суларды ластауы онда тіршілік ететін ба­лықтар үшін қауіпті. Сондай-ақ өзен­дерде ретсіз тоғандар салу да балық­тар санының өсуіне кері әсерін тигізеді. Осындай әсердің салдарынан әр жыл­дары Ертіс, Жайық, Талас, Есіл сияқ­ты өзендер мен ШҚО Бұқтырма суқой­масында, СҚО Жақсы-Жалғызтау суқой­масында балық­тың жаппай қырылуы орын алған. Мұндай жайттар еліміздегі ірілі-ұсақты басқа өзен-көлдерде де жыл сайын кездесіп отырады.

Балықты қолдан өсіруге жағдай жасалған ба?

Бүгінде республикада мыңға тарта балық шаруашылығы субъектілері жұмыс істеп тұр. Олардың қол астында 1 646 су айдыны мен балық шаруашылығын жүр­гізуге арналып бекітілген учаскесі бар. Елі­міз бойынша бұл салада 11 мыңнан астам адам еңбек етеді. 2019 жылы 45 мың тонна балық ауланған. Оның дені Атырау, Маңғыстау, Алматы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі. Қазақстан – балық ресурстарына өте бай ел. Елдің экономикалық дамуында балық шаруашылығы ерекше рөл атқара алады. «Жібекті түте алмаған жүн етеді» демекші, өкінішке қарай осы қолда бар әлеуетті тиісінше жарата алмай жатқан жайымыз бар. Сондай-ақ табиғи суқой­маларындағы балық қорларын пайда­ланудың да өз шегі бар екенін ұмытпайық. Бейберекет пайдаланудың кесірінен кейінгі кездері көптеген су айдынында балық және басқа да ресурстарының азайып бар жатқаны байқалады. Сондықтан «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Қ.Исабековтің айтуынша, балық өнімдерін ұлғайтудың жалғыз баламасы акваөсіру болып табылады деп есептейді. «Теориялық тұрғыдан алғанда, Қазақстанда жыл сайын 600 мың тонна балық және теңіз өнімдерін өндіру әлеуеті бар, бұл ретте негізгі үлесі – 80%-дан астамы Маңғыстау облысының орта Каспий акваториясына тиесілі, мұнда тормен өсіру технологиясы бойынша Каспий албырты мен бекіре тұқымдас балық түрлерін өн­діруге қолайлы. Осылайша, біз экспорттық әлеуетті көтеріп қана қоймай, импортты алмастыруды да жүзеге асыратын едік», – дейді Қ.Исабеков. Маманның есептеуінше, егер қолдан өсірілген балық көлемі 600 мың тоннаға жетіп, соның арқасында экспорттық әлеуетті 10 есе ұлғайтатын болсақ, бұл салық ретінде бюджетті жылына 28 млрд теңгеге толықтыра түсер еді. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруа­шылығы ұйымының (ФАО) мәліметіне сүйенсек, акваөсіру саласы – ақуыз өнім­дерін өндіруде әлемде ең қарқынды дамып келе жатқан бағыт. Мысалы, осыдан 60 жыл бұрын қолдан өсірілетін балықтың әлемдік қоры небәрі 1 млн тоннаны құраса, қазір бұл көрсеткіш 82 млн тоннадан асып кеткен. Әсіресе, кейінгі ширек ғасырда оның даму қарқыны күшті. Соңғы 25 жыл ішінде акваөсіру көлемі 67 млн тоннаға немесе 450%-ға ұлғайған. Расы керек, кейінгі жылдары балықты қолдан өсіруге Қазақстан да көңіл бөле бастады. Соңғы 7 жылда өсірілген балық көлемі 9 есе, яғни 800 тоннадан 7,4 тоннаға дейін жетті. Республикада мұндай тәсілмен балық өсірумен айналысатын шаруашылық саны 280-нен асқан. Оларда 2 мыңға тарта адам еңбек етіп жүр. Бірақ бұл тым аз. Теңізге тамған тамшымен пара-пар десе де болады. Ал енді еліміздің балық өнім­деріне деген ішкі сұранысын қамтамасыз етіп, одан әрі экспорттың әлеуетін арттыру үшін жасанды балық өсіру шаруа­шылық­тары бұдан да көбейте түсу керегін нарықтың өзі меңзеп отыр. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жан басына шаққанда 16 келі балық тұтыну нормасына қол жеткізу үшін ша­мамен 300 мың тонна балық өсіруі қа­жет. Бүгінде балықты жасанды өсіру бойынша Түркістан облысы көшбасшы болып тұр, оның көлемі 5 мың тонна (68,7%). Алматы облысында шамамен 1 000 тонна (12,8%), Солтүстік Қазақстан облысында 380 тонна және Шығыс Қазақстан облысында шамамен 300 тонна балық өсіріледі. «Балық өнеркәсібін ұлғайтудың перспективалы бағытының бірі – суқойма­ларын балық аулаудан балық өсіруге қайта бағдарлау. Әзірге Қазақстан Үкі­меті елі­міздің балық саласына тиісті көңіл бөлмей келеді. Елімізде балық шаруашылығын дамыту осы саладағы мемлекеттік реттеу шараларының тиім­ділігі жеткіліксіз болуы себебінен тежелуде. Бүгінде мемлекеттік қолдау шаралары тек азыққа, балық питомниктері мен көл-тауарлы балық өсіру шаруа­шылықтарына арналған техника мен жабдықтарға ғана қолданылады, ноу-хау преференциялар, осы саладағы ғылыми әдістемелер дамымаған», – деді Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» партиясы фракция­сының мүшесі Ерлан Саиров Премьер-Министрдің орынбасары Р.Склярға арна­ған депутаттық сауалында.

Жоспар жақсы, орындалуы қалай болар екен?

Әлбетте, Үкімет те қарап отырған жоқ екен. Республика аумағындағы табиғи су айдындарының балық ресурстарын сақтауды қамтамасыз етумен қатар, балық өсіруге біртіндеп көшу бойынша шаралары қабылданып жатыр. Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған» бағдарламасы бекі­тілген. Бағдарламаның 10 жылдық кезеңге арналған негізгі индикаторы бойынша балық өсіру көлемін жылына 270 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Ол үшін 1 283 жаңа балық шаруашылығы құрылатын болды. «Көл-тауарлы балық өсіру шаруа­шылықтары желісін кеңейту үшін осы жылдың соңына дейін конкурсқа 300-ден астам су айдыны қойылады және тағы 330-ға жуық кәсіпшілік су айдыны балық өсіру шаруашылығын жүргізу тәсіліне ауыстырылады, бұл жылына 27 мың тоннаға дейін балық өсіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұйық сумен қамтамасыз ететін қондырғыларда, сондай-ақ бассейндік, тоған және тор қоршау шаруашылық­тарында балық өсіру бойынша 19 ірі жобаны іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде», – дейді Р. Скляр. Сондай-ақ мемлекеттік қолдау бойынша балық шаруашылығы мен азық өндіруге салынған инвестициялардың 25%-ын өтеу, азықты сатып алу кезіндегі шығыстардың 30%-ын субсидиялау түрінде жүзеге асырылады. Балық шаруашылығымен байланысты бұдан басқа да шығыстардың 50%-ы өтеледі. 2021 жылы облыс әкімдіктері балық шаруашылықтарын субсидиялау үшін жер­гілікті бюджетте 508,9 млн теңге қарас­тырған. Қазір кәсіпкерлердің өңделген балық өнімдерінің рентабельділігін ескере отырып, өндірілген өнімнің әр келісі бо­йынша субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау бойынша ұсынысы пысықталуда. Тиісті есептеулер балық өңдеу кәсіпорын­дарымен бірлесіп дайындалуда. Сонымен бірге акваөсіру субъектілері үшін Салық кодексіне сәйкес арнайы салық режимі қолданылады, ол бойынша салықтар 70%-ға төмендетілді. «Балық шаруашылығын ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетте шамамен 3 млрд теңге көзделген, бұл балық өсірудің тиімді технологияларын енгізуге, отандық балық азықтарының жаңа рецептураларын әзір­леуге және Каспий итбалығы мен бекіре тұқымдас балық түрлерінің популяциясын сақтау жөнінде шаралар әзірлеуді қамта­масыз етуге мүмкіндік береді»,– деді Пре­мьер-Министрдің орынбасары. Одан бөлек, бағдарламаның «балық өсіруді кәсіптік оқыту жүйесі» тарауында 2030 жылға дейін балық шаруашылығы саласында 4 000 маманды, негізінен балық өсірушілерді даярлауға бөлінетін гранттарды жыл сайын ұлғайту көзделген.

Дәулет АСАУ