«Жалпы жанар-жағармай бағасы реттелмейді. Бағаға қатысты бірінші әлемдік бренд бағасына тәуелділікті ескеру керек. Екіншіден, көрші елдерде қалыптасқан бағадан қатты айырмашылық болмауы тиіс. Биыл елімізде дизель отынының тапшылығы болды. Себебі, көрші елдермен салыстырған баға айырмасының өте жоғары болуы. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүйелі өзгерістер әзірлеп жатырмыз», – деді министр.
Оның айтуынша, жанар-жағармай тапшылығы жыл сайын қайталанбау үшін кешенді жоспар әзірленбек.