Көкшетауда жалған чек жасағандар бірнеше миллионның азық-түлігін алып кеткен
Көкшетауда жалған чек жасағандар бірнеше миллионның азық-түлігін алып кеткен
© azh.kz
270
оқылды
Көкшетауда электронды чектерді қолдан жасаған алаяқтар сатушыларды алдап бірнеше ай бойы миллиондаған соманың азық-түлігін алып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Алаяқтық әрекет жайлы Көкшетау қалалық полиция басқармасына Краснояр селосындағы кәсіпкер әйел хабарлаған. Оның айтуынша белгісіз біреулер оны алдап сауда нүктесінен 12 тамыздан 15 қарашаға дейін 3 миллион 34 мың теңгенің азық-түлігін алып кеткен.
«Жедел іздестіру шаралары барысында 24 және 30 жастағы осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған екі күдікті азамат анықталды. Олар ұзақ уақыт бойы дүкеншіге төлем туралы жалған чектерді ұсынып келген», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция сауда саласындағы адамдарды сақ болуға шақырды.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы