Қоғамдық көлік мәселесі көтерілді
Қоғамдық көлік мәселесі көтерілді
334
оқылды
Бір топ көкшетаулық қа­лада­ғы №14 автобусының жүйе­сіз жұмысына наразылығын біл­діріп, «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалының қо­ғамдық қабылдауына жазыл­ды. Өтініштері орынды-ақ. Се­бебі жүргізушілердің тапшылы­ғынан қала бойынша қазірде аталған маршрут бойынша тек 3 автобус жүреді. Қалған авто­бустар тұралап тұр. Аталған мәселені шешу мақса­тында қабылдауды жүргізген облыстық мәслихат депутаты Талғат Жүнісов автопарктің жетекшісіне №14 авто­бустың жүру кестесін реттеу мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады. Халық қалаулысы Талғат Жүнісовтың қабылдауына жазылған ерейментаулық Ж.Пұшпақова Ерейментау қаласында балалар ойын-сауық орталығының құрылысын жүргізу ісіне қолдау көрсетуді сұрады. Жалпы, өтініш бе­рушінің кәсіпкерлікпен айналысатын туысқан ағасы осы істі қолға алғысы келетін көрінеді. Сондықтан оған бизнес-жоспар құрып, оны жүзеге асыру үшін аудандағы Кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлер бөлімінің көмегіне жүгіну кеңесі берілді. Ал партияның облыстық филиалы осы мәселені қарастыру үшін ауданның құзырлы органдарына хат жіберетін болады.

А.Жасанұлы