Оқиға 20 қараша күні сағат 04.19-да Н.Назарбаев даңғылы, 235/1-үйдің ауласында болған.
Машинаның мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ. Зардап шеккендер жоқ.
Автокөлік иесі, келтірілген шығын анықталу үстінде. «Тілсіз жау» сағат 04.42-де оқшауланып, 04.53-те ауыздықталды.
Алдын-ала болжам бойынша, автокөлікті біреу өртеген.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнына полиция қызметкерлерінің де барғанын, автокөліктің арнайы тұраққа қойылғанын жеткізді.