Алматыда әйел кішкентай балаларымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті – БАҚ
Алматыда әйел кішкентай балаларымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті – БАҚ
©2gis.kz
493
оқылды

Алматыдағы Жетісу шағынауданында көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен жас әйел балаларымен бірге секіріп кетті, – деп жазады Ratel.kz.

Қазіргі таңда әйел мен кіші баласы оқиға орнында қайтыс болғаны белгілі болды. Ал, балалардың үлкенін жедел жәрдем ауруханаға алып кеткен. Дәрігерлер оның өмірін аман сақтап қалу үшін барын салуда. Әзірге оқиғаның себеп-салдары туралы нақты ақпарат жоқ. Балалардың қанша жаста екені де айтылмады.