Танымал футболшыға бөтелке лақтырды
Танымал футболшыға бөтелке лақтырды
372
оқылды

Франция чемпионатының 14-турындағы «Лион» мен «Марсель» арасындағы ойын екі минут өтпей жатып тоқтатылды. Төреші жанкүйерлердің оғаш әрекетіне байланысты ойынды тоқтатуға мәжбүр болды.

Командаластарына бұрыштамадан пас асыруға барған «Марсельдің» жартылай қорғаушысы Димитри Пайеге «Лион» командасының жанкүйерлері трибунадан бөтелке лақтырды. Ол футболшының басына барып тиіп, ойыншы жарақат алып қалды. Тәртіпсіз жанкүйерді көп ұзамай полиция қызметкерлері анықтап, тұтқындады.  width= Ал бас төреші Рудди Букке матчты ұйымдастырушылар қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмады деген себеппен ойынды жалғастырмау туралы шешім шығарды.