Бір апта үйіндінің астында жатқан қария аман-есен табылды
Бір апта үйіндінің астында жатқан қария аман-есен табылды
Фото: ПД-нен алынды
189
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше құтқарушыларға қоңырау шалған ер адам көршісінің бес-алты күннен бері үйден шықпай кеткенін айтып хабар берді. Оқиға орнына жедел құтқару жасағы мен өрт сөндірушілер келген.

«Жер үйдің төбесі опырылып түсіп, 71 жастағы зейнеткер үйіндінің астында қалған. Орнынан тұра алмаған ол шамамен бір апта үйінді астында жатқан. Құтқарушылар қарияны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды», – деді департамент өкілі.
Дәрігерлер зейнеткерді ауруханаға жатқызды.    width=

Бұған дейін Атырау облысында ағасының мәйітін 7 айдан астам уақыт үйінде сақтаған мұғалім туралы жазған болатынбыз. Көршілері қолаңса иістен тұншықса да, мұғалім үйіне жан баласын жуытпаған.