«Тәуелсіздік күні қайда?» - Семей әкімі бөлім басшысын сынға алды
«Тәуелсіздік күні қайда?» - Семей әкімі бөлім басшысын сынға алды
367
оқылды
Семейдің әкімі Бақытжан Баяхметов шаһардың қысқы безендіру мәселесі қаралған жиында қалалық Сәулет бөлімінің басшысын сынға алды. Бөлім басшысы безендіру жұмыстары екі бағытта ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жаңа жылға арналып жүргізілетінін хабарлаған.
«Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күніне орай көшелерді безендіру туралы бірде-бір сөз жоқ. Қысқы безендірудің эскиздік жобалары бекітілмеген, сметалық құжаттама әзірленбеген. Бірде-бір жоба қаржылық тұрғыдан бекітілмеген»,-  деген Бақытжан Байахметов Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметін сылбыр деп бағалап, бөлім басшысына қатысты жұмысқа немқұрайлы қарағаны үшін әкімшілік жазалау шаралары қабылданатын айтты.
А.ӘБІЛ, Шығыс Қазақстан облысы