Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Шар қаласындағы жаппай төбелестің видеосы тарап жатыр. Кадрдан бір топ адамның жиналып, айқайлап, тіпті бейәдеп сөздері айтып жатқаны естіледі.
Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер бар.Кейбірінің қолында таяқ ұстап жүргені де аңғарылады. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиғаға байланысты 23 қарашада ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігіне сәйкес (бір топ адам жасаған бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Дене жарақаты мен залал келтіру туралы арыз түскен жоқ. Қылмыстық істі тергеу мен істің мән-жайын бақылау департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды» делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Шығыс Қазақстан облысы