ГАЗель автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі белгіленбеген жерден жолдан өтіп бара жатқан 2002 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан жас жігіт оқиға орнында қайтыс болды.Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.