"Тірі қуыршақ сияқтымын". Отбасында зорлық-зомбылық көргендер қайда хабарласа алады?
"Тірі қуыршақ сияқтымын". Отбасында зорлық-зомбылық көргендер қайда хабарласа алады?
Фото: Baribar.kz
956
оқылды

Әлемде күн сайын 137 әйел жақын туыстарының қолынан қаза табады. Әр үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет физикалық немесе жыныстық зорлық көреді. Көп жағдайда әйелге өзінің жолдасы зорлық көрсетеді. Ал биылғы 10 айда Қазақстанда кем дегенде 1600 қыз бен әйел гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шекті. Бұл туралы "Кәдімгі заттар" көрмесінде айтылды.

Көрмеге 16 зат қойылған: шыны стақан, кітап, орындық, ақша және тағы басқа. Оның әрқайсысы жолдасы немесе отбасы мүшесінен физикалық, психологиялық, экономикалық зорлық-зомбылық көрген немесе қайтыс болған әйелдердің оқиғасын сипаттайды. Барлық оқиға ҚР Ішкі істер министрлігі және еліміздегі дағдарыс орталықтары ұсынған полицияның нақты есептеріне негізделген. Тек кейіпкерлердің аты-жөні өзгертілген.

"Бұл заттар - зорлық-зомбылық кезінде қолданылған, жансыз куәгерлер. Осы заттардың бірімен біреудің басын жарған, бірімен көзін шығарған. Бұл оқиғалар біз өмір сүріп жатқан қоғамда, көршіміздің немесе туысымыздың үйінде болып жатқан оқиғалар, шынайы өмірден алынған", - дейді көрмені ұйымдастырушы Қазақстандағы БҰҰ-ның өкілі. 

Біз де көрмедегі 3 оқиғаны осында жазуды жөн көрдік.

"Әлі күнге дейін балалы болуды аңсаймын"

[caption id="attachment_172630" align="aligncenter" width="711"]"кәдімгі заттар", көрме "Кәдімгі заттар" көрмесі. Фото: Радмир Фахрутдинов[/caption] "17 жасымда жастық шақ пен еркіндіктен ләззат алатынмын. Мені туысқаным зорлағанда «жақын адамымның қалайша бұған дәті барды?» деген сұрақ ойымнан кетпеді. Ата-анам да не істерін білмеген сияқты. Масқара болмас үшін мені сол адамға тұрмысқа беруді жөн санады. Бірақ, тоқтаусыз соққы, кемсіту, зорлық-зомбылықтан кейін өз үйіме оралдым. Күйзелістің салдарынан глаукома (көз ауру) шығып, көру қабілеті бойынша мүгедек болдым. 4 жылдан соң Қайсарды кездестірдім. Енді өмірім бақытты сәтке толы болатынына сендім. Біз бір-бірімізді жақсы көріп, болашақ сәбиімізді күтіп жүрдік. Анам біздің отбасы құруымызға қарсы болды, себебі Қайсардың да көзіне байланысты мүгедектігі бар еді. Жүктіліктің 20-аптасында менің келісімімсіз анамның өтініші бойынша дәрігерлер маған кесарево жасап, жатыр түтігімді байлап тастап, бала сүю бақытынан айырды. Осыдан кейін қалай өмір сүретінімді білмедім. Тіпті тыныс алу қиынға соқты. Мен әлі күнге дейін балалы болуды армандаймын. Қазір сәбиім 10 жаста болар еді…".

"Тірі қуыршақ сияқтымын"

[caption id="attachment_172640" align="aligncenter" width="620"]"Кәдімгі заттар", көрме "Кәдімгі заттар" көрме. Фото: Радмир Фахрутдинов[/caption] "Жолдасым Берік екеуміз — үшінші топтағы мүгедектігі бар адамбыз, құлағымыз дұрыс естімейді. Жұмыс жоқ, жәрдемақыға пәтер жалдап тұрамыз. Балаларыммен және енеммен бірге тұрамыз. Ақшаның бәрі сол кісінің қолында: азық-түлік, балаларға киім алады, тұрмыстық қызмет пен пәтерақыны төлейді. Тек физикалық емес, сонымен бірге өз өмірімді толық басқара алмауыммен де мүгедекпін. Берік ішкен сайын ұрыс-керіс басталады. Маған айғайлап, ұрып-соққаннан жеңілдей ме, білмеймін, әрдайым бір сценарий қайталанады. Бірде Берік әйнек құтымен қасымды жарды, полицияға шағымдандым. Оған ескерту жасағанымен, одан еш пайда болмады. Одан кетуге дайын болдым. Бірақ, қайда? Не істеймін? Балаларды қалай күтіп-бағамын? Жалғыз өзім оларды асырай алмаймын, енем оған ешқашан рұқсат бермейді. Оған қалағаныңды істеуге болатын тірі қуыршақ сияқтымын. Жалғыз айырмашылығым: тамақ ішемін, дәретханаға барамын. Кейде ашуланып, жылап та аламын".

"Ауылдың сыртына апарып, ұрды"

[caption id="attachment_172641" align="aligncenter" width="776"]"Кәдімгі заттар" көрмесі "Кәдімгі заттар" көрмесі. Фото: Радмир Фахрутдинов[/caption] "Жәнібек екеуміз үйленіп, оған Мерей және Абылайхан есімді екі ұл туып бердім. Махаббатымыз сөніп, орнына күнделікті өмірдің тіршілігі келді. Тұңғышымыз дүниеге келгеннен кейін Жәнібек жанжал шығаруды әдетке айналдырды. Мені ұратын, тәрелкелерді лақтыратын, шашымнан сүйрейтін. Сол кезде кетіп қалуым керек еді, бірақ баламен ешкімге керек емес екенімді ойлап, қорықтым. Ең қорқыныштысы, 2014 жылдың тамызында Жәнібектің анасы мен қарындастары жанымызға көшіп келгенде басталды. Олар ұсақ-түйекке бола тиісетін, енем ұрсып, кемсітетін. Жәнібекке мені айтып, шағымданатын. Бір күні ол мені ауыл сыртына апарып, бар күшімен қатты теуіп «балаларды мәңгіге ұмыт» деді. Оның қатты табанының әр ауыр соққысын сездім. Ол кезде мен мұндай күйеумен тұрғанша, балалармен жалғыз өмір сүргенім дұрыс деп ойладым. Соңғы күшімді жинап, әрең үйге жетіп, ұлдарымды алып кеттім және полицияға арыз жаздым. Мен бұл әрекетім үшін ешқашан өкінбеймін". Бұл көрме  Нұр-Сұлтан қаласындағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді. [caption id="attachment_172647" align="aligncenter" width="1176"]"Кәдімгі заттар" көрмесі "Кәдімгі заттар" көрмесі. Фото: Радмир Фахрутдинов[/caption] [caption id="attachment_172648" align="aligncenter" width="1200"]"Кәдімгі заттар" көрмесі "Кәдімгі заттар" көрмесі. Фото: Радмир Фахрутдинов[/caption]

Қазақстандағы БҰҰ Әйелдер құрылымының тұрақты өкілі Мария Доценконың айтуынша, пандемия басталған кезден бері тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы шағымданған Қазақстан азаматтарының үлесі 25%-ға өскен. ҚР ІІМ дерегінше, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 125 мыңнан астам шағым түскен. Бұл орта есеппен алғанда күн сайын 340 әйел көмек сұрайды деген сөз.

"Бұл - өте қорқынышты. Адамдар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда не істеуі керек екенін, қайда хабарласуы керек екенін білуі керек", – деді Мария Доценко.

 width=  width=  width=