Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы қымбаттады.
25 қараша күнімен салыстырғанда 0,94 тиынға өсіп, орташа бағамы 430,78 теңге болды.
Ұлттық банктің 26 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 429,84 теңге.
Бүгін Алматыда доллар 432,64 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу – 434,23 теңге. Нұр-Сұлтанда доллар – 432,35 теңге, ал сатып алу құны – 433,61 теңге.
Ұлттық банк өкілі теңгенің құнсызданған себебін түсіндірген болатын.