«Елдіктің жеті тұғыры» – ұрпаққа үнделген аманат
«Елдіктің жеті тұғыры» – ұрпаққа үнделген аманат
726
оқылды

Nur Otan  партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен партияның облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға  партия саяси кеңесінің мүшелері, барлық деңгейдегі фракция мүшелері, қалалық және аудандық филиал төрағалары қатысты.    width= Фракцияда Партияның 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы. Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол карталарының орындалу барысы туралы облыс әкімінің орынбасарлары Т.Мамаев, Р.Дәулет, Д.Кәрібектің және фракция мүшелері А.Ақшалова мен К.Бегалиевтің есептері тыңдалды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе –  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында жария еткен «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығынан туындайтын міндеттер кеңінен сөз болды. Бердібек Машбекұлы бұл қағидаттардың өскелең ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталып, Елбасы айқындаған әрбір тұғырдан туындайтын үлкен міндеттер тұрғанын тілге тиек етті.

Жиын соңында филиал басшысы Сайлауалды бағдарламада белгіленген міндеттерді сапалы, әрі мерзімінде орындауды, Елбасының қағидаттар жиынтығын өңір тұрғындарына кең ауқымды түсіндіру мен депутаттар қызметін бағалау Ережесіне енгізілген өзгерістер бойынша тиісті тапсырмалар берді.