Мәскеудің «Спартак» клубының бұрынғы бас бапкері Массимо Каррера Bel.football сайтына берген сұхбатында Қазақстан құрамасын жаттықтыру мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
— Фабио Каннаваро қазір Өзбекстан құрамасын жаттықтырады. Егер Беларусь немесе Қазақстан құрамасын басқару туралы ұсыныс түссе, қызығушылық танытар ма едіңіз?
— Мен ондай ұсынысты қабылдар едім. Өйткені ұлттық құраманы жаттықтыру – өте қызықты жұмыс. Маған жаңа сынақтар ұнайды және бұл мен үшін маңызды тәжірибе болар еді.
— Ал Беларусь немесе Қазақстан клубтарынан ұсыныс түссе ше?
— Бұл клубтардың Еуропада өздерін көрсетуге мүмкіндігі көбірек. Мұндай командалар үлкен мотивация береді.
Айта кетейік, Массимо Каррераның соңғы жұмыс орны Италияның «Асколи» клубы болды. Ол команданы 2024 жылы тастап кеткен.
