«Қазгидрометтің» мәліметінше, батыс өңірлерде солтүстік-батыс циклоны әсерінен жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Еліміздің басым бөлігінде антициклон ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, батысында, солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Атырау облысының солтүстік-батысында және орталығында тұман, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с артады.
Маңғыстау облысының батысында тұман, облыстың орталығында 15-20 м/с екпінде жел болады.
Түнде Ақтөбе облысының батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Өңірдің батысында, солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с күшейетіні күтіледі.
Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады.
Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 28 м/с артады.