Алматыда жаңадан салынса да, құлайын деп тұрған 20 көпқабатты үйдің іргетасын нығайтып жатыр

Алматыда жаңадан салынса да, құлайын деп тұрған 20 көпқабатты үйдің іргетасын нығайтып жатыр

Оның айтуынша, 2014-2018 жылдары құрылған «Нұркент», «Зерделі», «Жас Қанат» шағынаудандарында өзекті проблема бар.

«Зерделі» шағынауданында тұрғын үйлерді нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде 30 үйдің 20-да жұмыс аяқталды, қалған үйлер келесі жылы нығайтылады. Ауласы абаттандырылады.
«Нұркент» тұрғындарының өтініші бойынша 18 тұрғын үйдің қасбеттерін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, олардың 16-ы бүгінгі күні аяқталды, 2 үй аяқталу сатысында», – деді Мұхит Әзірбаев. 320 орынды балабақша салынады. Ал «Жас Қанат» шағынауданындағы 30 аулада балалар ойнайтын және спорт алаңы жөнделеді.

Бұған дейін Алматыдағы «Зерделі» ықшамауданында 30 үйдің қисайып, құлағалы тұрғанын жазған болатынбыз.