Елордада проблемалық тұрғын үй кешенінің үлескерлеріне пәтер кілттері табысталды
Елордада проблемалық тұрғын үй кешенінің үлескерлеріне пәтер кілттері табысталды
287
оқылды
Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордада "Жеті жол" проблемалық тұрғын үй кешенінің үлескерлеріне пәтер кілттері табысталды. Қала тұрғындары қоныс тойын 8 жылдан астам күтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Құрылысы ұзаққа созылған құрылыстың аяқталуымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымы "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС айналысты.
"Тұңғыш Президент күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тағы бір тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтады. 2-кезек "Жеті жол" ТК 2018 жылы проблемалық деп танылды. Бастапқы мердігердің құрылысы 2013 жылы басталды. 8 жылдан кейін "Жеті жол" ТК - нің 600-ге жуық үлескері өз пәтерлерінің кілтін алды", - деді "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС Басқарушы директоры Мақсат Шаяхметов.
Айта кетейік, Тұңғыш Президент – Елбасының бастамасымен 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы құрылды. "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС мемлекеттік бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ведомствоаралық комиссиясы ұсынған проблемалық нысандардың құрылысын қаржыландырады. тұрғын үй Компанияның басқарушы директорының айтуынша, 2021 жылдың соңына дейін әкімдік "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС алдына 7,5 мың үлескер бар 18 объектідегі 57 үйдің проблемасын шешу міндетін қойған. Оның ішінде 31 үйдің мәселесі шешілді, 4,3 мыңнан астам үлескерге өз пәтерлерін жөндеу үшін кілттер беріледі. Елорда үлескерлерінің проблемалық мәселелерін 2022 жылдың соңына дейін шешу жоспарланған.
"Мен "Жеті жол" ТК үлескерімін. Біз пәтерімізді 8 жылға жуық күттік. Бүгін біз үшін қуанышты оқиға. Біз кілтімізді алдық", - деген үлескер Жараскан Байтасова қуанышымен бөлісті.
Ольга Владимировна да бүгін қоныс тойын тойлауда. 600 үлескердің қатарында болған ол жылдар бойы өз баспанасын күтті.
"Мен пәтерді 8 жылдан астам уақыт күттім. Баршаңызды осы мерекемен құттықтағым келеді, ақыры біз күттік. Бізді қолдағаны үшін Президентімізге үлкен алғысымызды білдіреміз", - деді "Жеті жол" ТК пәтер иесі.
Айта кетейік, 2019 жылдың жазында елордада 150-ден астам тұрғын үй болған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұзақ құрылыс жұмыстарын аяқтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылдың жарты жылында 13 көппәтерлі тұрғын үй кешені салынып, пайдалануға берілді. 2020 жылы 20 көппәтерлі тұрғын үй аяқталды. Биыл елордада тағы 57 проблемалық көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау жоспарлануда, 7 мыңнан астам үлескер көптен күткен пәтерлеріне ие болады. Үлестік құрылыстың әрбір объектісі бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Құрылыс жұмыстарының аяқталу барысы Мемлекет басшысының бақылауында.