«Полиция адамдарға осылай көмектеседі деп ойламаппыз» – экскаватор жүргізуші
«Полиция адамдарға осылай көмектеседі деп ойламаппыз» – экскаватор жүргізуші
Фото: pxhere.com
180
оқылды

Көкшетау қаласының тұрғыны СҚО ПД қоңырау шалып, облыстық патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне алғыс айтты.

Өзін Бақытжанмын деп таныстырған ер адам қарашаның 25-і Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылындағы құрылыс алаңына Steyr жүк көлігінің жүргізушісі екеуі экскаватор жеткізбек болғанын айтады. Аққайың ауданы Астраханка ауылының маңындағы «Нұр-Сұлтан – Петропавл» автожолының 444-шақырымында көлігінің қозғалтқышы істен шыққан. Өздері жөндей алмаған. Абырой болғанда, тіркемесімен тоқтап тұрған жүк көлігін СҚО ПД ППБ қызметкерлері Рият Аңдаспаев пен Нұрсұлтан Жаңбыршин байқайды. Олар екі тұрғын жылыну үшін көлігіне отырғызып, ыстық шай әкеліп береді. Кейіннен «Бекенов Н.В» ЖК иесінен көмек сұрайды. Экскаватор «Бекенов Н.В» ЖК берген Volvo ауыр жүк көлігіне тиеліп, діттеген жеріне жеткізіледі. Сынған Steyr жөндеуге дейін «Ксенов» ЖК аумағына қойылды. Бір тәуліктен астам уақыт жарты жолда қалған жүргізуші мен экспедитор үйлеріне келесі күні таксимен жетеді.
«Бұрын-соңды мұндай жағдайға тап болған емеспіз, полиция адамдарға осылай көмектеседі деп ойламаппыз, жігіттерге зор алғыс айтамыз, – дейді Бақытжан.
СҚО ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы Уәлихан Оразалиннің айтуынша, тәртіп сақшылары әрдайым көмекке әзір. Жүргізушілерге алыс сапарға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеру, жылы киімдер мен байланыс құралдарын алу керегін ескертеді.