Аягөзде бірнеше отбасы баспаналы болды
Аягөзде бірнеше отбасы баспаналы болды
421
оқылды
Бүгінде өңірде «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама аясында көп жыл үйсіз-күйсіз жүрген қаншама отбасы баспаналы болды. Тұңғыш Президент күніне орай Аягөз қаласында аталған бағдарлама шеңберінде бірнеше отбасына пәтер кілттері салтанатты түрде табыс етілді.
Аягөз аудандық ішкі саясат бөлі­мінің ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, несиелік бағыттағы 1 пәтерлі 50 тұрғын үй «Отбасы» банкі арқылы сатылып жатыр. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 150 мың теңгені құрайды. Орайы келгенде айта кетейік, 2020 жылы Аягөз қаласында «Нұрлы жер» бағ­дарламасы аясында екі 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй мен «Бір қабатты Шығыс» бағ­дарламасы бойын­ша екі пәтерлі 10 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 140 отба­сы баспаналы болған. «Аягөз ауданында тұрғын үйді пай­да­лануға берудің көлемі 2021 жыл­дың соңына дейін 73 736 шар­шы метр болады деп кү­тілуде. Демек, қаладағы құры­лыс қар­қыны жылдан-жылға артып келеді. Бүгін баспана кілттері берілген аумаққа Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қа­зақстан халқына Жолдауында­ғы 2025 жылдың соңына дейін Қазақ­станда 1 000 мектеп салу міндетін іске асыру мақсатында облыс әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен 600 орындық жаңа мектеп салу жоспарланған. Жалпы, жыл со­­ңына дейін қа­лада 186 адамды бас­панамен қамту ойымызда бар», – дейді Аягөз ауданының әкімі Сейіл­бек Ысқақов.
Аягөз ауданындағы тағы бір жа­ғымды жаңалық, жақында Қарағаш ауылдық округінде фельдшерлік-аку­шерлік пункт ашылды. Шағын меди­циналық нысан осы ауылдың тумасы Се­рікболсын Ахановтың демеуші­лігімен «Рухани жаңғыру» бағ­дарла­масының «Туған жер» жобасы аясында пайдалануға берілген. Құрылысы не­бәрі үш-ақ айға созылған фельдшерлік пунктке 50 миллион теңге көле­мінде қа­ражат жұмсалыпты. Бүгінде 876 тұр­ғыны бар Қарағаш ауылдық округіндегі су жаңа ғимаратта 3 медбике қызмет атқарады.

Шығыс Қазақстан облысы