"COVID-19 пандемиясы аяқталуы мүмкін" – вирусолог
"COVID-19 пандемиясы аяқталуы мүмкін" – вирусолог
Фото: 31tv.ru
394
оқылды

Коронавирустың омикрон-штамы таралып болғаннан кейін COVID-19 әлсіреп, пандемия аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Гамалея орталығының профессоры Анатолий Альтштейн айтты.

"Жаңа жылға дейін ол таралып үлгермейді. Мысалы, "Дельта" штамы 2020 жылдың күзінде пайда болып, шамамен 2021 жылдың мамыр-шілде айларында тарады, яғни вирустың таралуына алты ай қажет болды", – деді вирусолог.
Альтшейннің айтуынша, "омикронның" қаншалықты жұқпалы екендігі белгілі бір уақыттан кейін ғана бағаланады, бірақ оның геномы туралы ақпарат вирустың бұл түрінен пайда болатын ауру басқа штамдарға қарағанда жеңіл өтетінін болжауға мүмкіндік береді.
"Вирустың бұл түрінің қызықты ерекшелігі бар: оның негізгі ақуызында (S-ақуыз) 32 мутация болады, бұл тұрақсыз геном болуы мүмкін, ол оңай мутацияға ұшырайды. Егер оның геномы тұрақсыз болса, онда бірінші кезекте ауыр салдарға әкелетін ауруды басып тастайды. Біз қазірдің өзінде жүз адам жұқтырғанын көріп отырмыз, барлығының ауруы жеңіл, ешкім қайтыс болған жоқ", – деді Альтштейн.

Дәрігер омикрон штамының пайда болуы пандемияның аяқтала бастағанын білдіреді деген пікірде.