Қызылордалық антиваксер дәрігерлерге жұмыртқа лақтырды
Қызылордалық антиваксер дәрігерлерге жұмыртқа лақтырды
Сурет: depositphotos.com
476
оқылды

Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты, Жуантөбе ауылдық округінде дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған әйелге айыппұл салынды, деп хабарлады Turkystan.kz.

Дәрігерлер екпеге қатысты түсініктеме беру үшін ауылда жиын өткізген. Кездесу барысында кейбір азаматтар өз наразылықтарын білдірді. Ал келген қатысушылардың бірі қоғамға жат әрекет жасап, дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған.
«Аталған факті бойынша Шиелі аудандық сотында әкімшілік материал қаралды. Ұсақ бұзақылық жасаған азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексі 434-бабының 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.