Алматыда коронавирусқа қарсы екпені ақылы салдыру басталды
Алматыда коронавирусқа қарсы екпені ақылы салдыру басталды
Сурет: Dado Ruvic / Reuters
315
оқылды

Бүгіннен бастап СOVID-19 дертіне қарсы вакцинаны ақылы түрде алғысы келетін тұрғындарды алдын ала тіркеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының сайтында жарияланды.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің түсініктемесіне сәйкес, көрсетілген санатқа жатпайтын (12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер), бірақ Pfizer компаниясының Comirnaty екпесін ақылы түрде алғысы келетін азаматтарға Алматы қаласында төменде көрсетілген 3 емханада ғана жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.
Екпенің ақылы түрін алғысы келген азаматтар қаладағы мына медициналық мекемелерге жүгіне алады. Олар:
  • №5 Қалалық емхана – 8 (727) 344 98 04 немесе 8 707 101 28 93, 8 707 931 92 63 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қ. Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 141;
  • №7 Қалалық емхана – 8 (727) 376 33 99 немесе 8 701 111 61 81 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қ. Бостандық ауданы, Бұхар жырау көшесі, 14;
  • №5 Қалалық клиникалық аурухана – 8 (727) 264 72 64 немесе 8 747 263 72 46 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қ. Медеу ауданы, Достық даңғылы, 220.
Басқарманың сайтында қосымша сұрақтар туындаған жағдайда жоғарыда көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласуға болатындығы айтылған. Қаланың денсаулығына жауапты мекеме қызметкерлері аталған екпенің бағасы әзір белгісіз екенін де айтты.