Қарағандыда үш жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 5 адам ауруханаға түсті.
Облыстық полицияның мәліметінше, оқиға 7 желтоқсанда таңертең болған.
Nissan жүргізушісі Майқұдық – Сортировка автожолымен жүріп келе жатып, тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, Toyota-мен соқтығысқан.
"Toyota-ның соңынан келе жатқан КамАЗ жүргізушісі жол көлік оқиғасын алдын алу үшін тежегішті басып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соқтығысқан барлық машиналар кюветке ауып кетті", – деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.