Шу ауданының полиция бөліміне 44 жастағы ауыл тұрғыны 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Шоқпар ауылына іргелес орналасқан жеке шаруашылықтан белгісіз біреу 16 бас қойды ұрлап, 550 мың теңге материалдық шығын келтіргеніне шағымданды.
Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер Шу қаласының 18 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған күдікті кінәсін толық мойындады.