Эпидемиологиялық ахуал: Ақмола облысы «қызыл» аймаққа өтті
Эпидемиологиялық ахуал: Ақмола облысы «қызыл» аймаққа өтті
Фото: astana.gov.kz
445
оқылды

Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Бүгін «сары» аймақтағы Ақмола облысы «қызыл» аймаққа өтті. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Бүгін ел бойынша коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 977 714-ке жетті.