Атыраулық полицейлер 5 жылға елге кіруге шеттетілгенмен, атын өзгертіп кері келген Тәжікстан азаматын анықтады
Атыраулық полицейлер 5 жылға елге кіруге шеттетілгенмен, атын өзгертіп кері келген Тәжікстан азаматын анықтады
346
оқылды

Атырау облысы Полиция департаменті 6-12 желтоқсан аралығында «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы аумағынан қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін 5 жылға шеттетілген азаматты анықтады.

Тәжікстанның 35 жастағы азаматының өз еліне барып жеке басын растайтын құжаттарындағы ақпараттарды өзгертіп Қазақстанға кері келгендігі белгілі болды.    width=

– Аталған факті жедел-профилактикалық іс-шара өткізу барысында такси жүргізуші ретінде қызмет атқарып жүрген Тәжікстан азаматының құжаттарын тексеру барысында анықталды. Аталған шетел азаматы өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда ел шекарасына заңсыз кірген шетел азаматы 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Іс-құжаттар жинақталып, заңды шешімін шығару үшін сотқа жолданатын болады, – деді Атырау қалалық полиция басқармасы Көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Қадырбек Әбішов.