Желіде Атырау қаласы карантинге жабылады деген ақпарат тарады
Желіде Атырау қаласы карантинге жабылады деген ақпарат тарады
308
оқылды
Атырау облысының әкімдігі 10 желтоқсаннан бастап Атырау қаласы карантинге жабылады деген ақпаратты жоққа шығарды. WhatsApp мессенджерінде "10 желтоқсаннан бастап Атырау толықтай карантинге жабылады" деген хабарлама тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлайды Stopfake.kz. Атырау облысының әкімдігі желідегі қауесетке түсініктеме берді.
"Бұл ақпарат негізсіз. 2021 жылы 8 желтоқсанда Атырау облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің карантиндік шектеулер туралы қаулысы шықты. Бұл құжатта Атырау облысы толықтай карантинге жабылатыны жайлы мәлімет жоқ", – деп мәлімдеді ведомстводағылар.
Әкімдік жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.