Аграрлық мәселелер талқыланды
Аграрлық мәселелер талқыланды
426
оқылды
«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жа­нындағы аграрлық секторды да­мы­ту бойынша өңірлік Қоғамдық ке­ңес­­тің онлайн форматта отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде салаға қатысты негізгі төрт сұрақ қаралды. Бірінші, «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 1.2-тар­мақтарының орындалу барысы туралы. Екінші, биылғы жылы асылтұқымды мал шаруашылығын субсидиялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы. Үшінші, Шығыс Қазақстан облысының мал шаруашылығына суб­сидия алу ал­горитмі және оларды ауыл шаруашылығы бөлімшелеріне беру, атап айтқанда мем­лекеттік инс­тан­циялар бойынша өту алгоритмі. Төр­тінші, ауыл шаруашылығы бө­лім­шелері үшін инвестициялық суб­си­дия­лар со­масын қалыптастыру және қаржы қа­ражаты тапшылығының пайда болу себептері. Осы жоғарыдағы төрт мәселе бойын­ша облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Гайламазянның ақпары тыңдалды. Отырыс соңында кеңес мүшелері өз пікірін білдіріп, ұсыныс жасады.