Жапон ғалымдары коронавирусқа қарсы ерекше маска ойлап тапты
Жапон ғалымдары коронавирусқа қарсы ерекше маска ойлап тапты
263
оқылды
Жапон ғалымдары коронавирус жұққанда ультракүлгін сәулеге жарқырайтын арнайы маскаларды ойлап тапты. Ғалымдар түйеқұстардың ағзадағы бөгде заттарды бейтараптандыратын бірнеше антидене шығаруға қабілетті екені анықтаған. Былтыр ақпан айында ғалымдар аналықтарға коронавирустың белсенді емес және қауіпсіз түрін енгізіп, түйеқұс жұмыртқаларынан антиденелер алған. Осыдан кейін антиденелерді флуоресцентті бояғышқа қосып, олардан маска сүзгісін өңдіріп шығарған. Егер маскаға вирус түссе, ол жарқырайтын болады. Ғалымдардың бірі осы маска көмегімен өзі COVID-19 жұқтырғанын анықтаған. Тестілеу кезінде оның қорғаныс маскасы ультракүлгін сәуледе жарқыраған екен, содан кейін ол ПТР-сынамасын тапсырған. Тест вирус жұқтырғанын растаған.