Қардан жасалған мүсіндерді бұзған 3 жасөспірім анықталды
Қардан жасалған мүсіндерді бұзған 3 жасөспірім анықталды
© сурет интернеттен
389
оқылды
Петропавл қаласында 3 жасөспірім мұз қалашықты бұзғаны үшін айыпталады,деп хабарлайды Polisia.kz. 29 қаңтар күні кешке облыс орталығының 2004, 2005 және 2006 жылы туған үш тұрғыны Қазақстан Конституциясы көшесіндегі мұз қалашығында бірқатар мұз конструкцияларын бұзған. Петропавл қалалық ПБ полиция қызметкерлерінің деректері бойынша, бейнекамералардан барлығы анықталып, жасөспірімдер Петропавл қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Бұзақылық фактісі бойынша ҚР ӘҚБК 435-бабы («Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық») бойынша әкімшілік ақпараттар жиналды. Олардың ата-анасына 7 АЕК мөлшерінде айыппұл төлету көзделген. Аталған құқық бұзушылық бойынша іс Петропавл қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қарау үшін жіберіледі. https://www.youtube.com/watch?v=Wgf35LJebxc&feature=emb_logo