Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады. Ел аумағында кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейіп, көктайғақ болады деп күтіледі, еліміздің солтүстік-батысында, шығысында, орталығында бұрқасын болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарда, тау бөктеріндегі аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аумағында, тау бөктері аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарыда жел екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын, тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде боран соғады, облыстың солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Алматы облысында Алакөл көлдерінің маңында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.