Синоптиктер 15 желтоқсанда алты облыста ескерту жасады.
Ақмола облысының солтүстігінде боран болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстіктен, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысында түнде және таңертең оңтүстікте, батыста, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау облысының батыс, шығыс және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғатынын болжап отыр, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман күтіледі, жел 17-22 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.