Қарағандылық конькимен жүгіруші Екатерина Айдова Калгари қаласында (Канада) өткен Әлем кубогының IV кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Спортшы үш олимпиадалық лицензияға ие болды.
Калгаридегі жарыста Екатерина «В» тобында 500 метр қашықтықта үздік деп танылды. «А» тобында 1 000 метр қашықтықта ол 9-орынға ие болды, 1 500 метрде 15-орыннан көрінді.
Мұнымен қоса қарағандылық спортшы 500 және 1 000 метрге жүгіруден Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.
Осылайша Екатерина Айдова Әлем кубогының төрт кезеңінде өнер көрсету қорытындысы бойынша 500, 1 000, 1 500 метр қашықтықта Бейжіңде (Қытай) XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға үш лицензия жеңіп алды.
Айта кетейік, Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада келер жылы 4-20 ақпан аралығында өтеді.