Синоптиктердің айтуынша, мереке күндері ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік пен шығыста солтүстік-батыс циклонының әсерінен қар жауады, бұрқасын болады.
Сонымен қатар, синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жасады:
Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтауда 16 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі. Қызылордада 16 желтоқсанда кей уақытта тұман түсуі ықтимал.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с. Көкшетауда осы күні оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда да 16 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түсуі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.