Досың жаныңда болмаса, дүниенің сәні жоқ. Біз – дүниенің мәнін де, сәнін де келтіріп жүрген, елу жылдан бері іргеміз ажырамай келе жатқан достармыз.
«Бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербеген» Бақыт құрбымның отбасы мен қызметті қатар алып жүрген ерлігі елдің көз алдында. Қаржы саласында табан аудармай еңбек ету екінің бірінің қолынан келе бермесі аян. Елу жылдан бері қуанышта да, қиындықта да бір-бірімізге сүйеу болып, демеу болып келе жатырмыз. Студент кезде шаңырақ көтеріп, пәтер алып, сәбилі болған Мереке мен Бақыт еді. Соған міне, 50 жылдың жылжып келіп қалғанын сезбей қалыппыз. Студент бола жүріп бала тәрбиелеген, қызмет істей жүріп келін түсірген Бақыт құрбымыздың ық жағына пана болған, жел жағына сая болған Мереке досымызға шексіз ризамыз. Сабырлы адам — сабаз адам деген сөзді осы Мерекеге айтуға болады. Келіндері Айгүл мен Салтанатты қыздарындай көріп, ұлдары Дәулеттен, немерелерінен қызық көріп отырған бақытты ата-ана! Алтын тойға, 70 жасқа аман-сау жетіп отырған достарыма тілейтінім, күндері тыныш болсын, үйлеріне ырыс толсын, балалары қуаныш әкелсін, немерелері жұбаныш әкелсін, орындары төр болсын, дастархандары мол болсын, достары көп болсын, уайым-қайғы жоқ болсын!Бағдат БӘКІРОВА