Кәсіпкерлерді қолдау маңызды
Кәсіпкерлерді қолдау маңызды
426
оқылды
«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасының тармақтарының орындалуы бойынша 3 мәселе қаралды. Бірінші, «Бизнестің Жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, екінші, 2021 жылғы бизнесті қаржылық емес қолдау (кәсіпкерлік негіздеріне оқыту) жөніндегі жұмыстың қорытындылары және үшінші, «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай кеңсесін енгізу туралы. «Бастау бизнес» жобасын іске асыру бойынша 4 жыл ішінде 11 мыңнан астам адам оқытылды, оның ішінде тыңдаушылардың 25%-ы өз ісін ашып, жұмыс орындарын құрды. Биыл 1 944 адам оқытылды», – деді ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Г.Мамырбаева. Жиын барысында кеңес мүшелері «Nur Otan» партиясы ШҚОФ жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.