Бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова интернет арқылы жаңажылдық шырша аламын деп алаяқтарға алданып қалды, – деп хабарлайды AllFight сайты.
"Мен жаңа ғана интернет-алаяқтарға алданып қалдым. Instagram-дағы дүкенге шыршаға тапсырыс беріп, 42 мың төледім, бірақ олар тауар жайлы ештеңе білмейтіндерін айтты. Қайта хабарласқанымда, өте дөрекі сөздер естідім. Мен оларды табу үшін құқық қорғау органдарына арызданамын", – дейді Фируза Шарипова.
Қазақстандық спортшы кәсіпқой рингте 14 жеңіске жетіп, екі рет жеңіліс тапты. 11 желтоқсанда Ливерпульде өткен соңғы жекпе-жекте ирландиялық Кэти Тейлордан жеңіліп қалды.