Бестамақ ауылындағы дау: 800-ге жуық шошқа сатылды
Бестамақ ауылындағы дау: 800-ге жуық шошқа сатылды
Фото: aqmolanews.kz
808
оқылды

Ауданаралық экономикалық соттың шешімінен соң шошқалар сатылып жатыр. Бұл туралы Алға аудандық әкімдігі хабарлады.

«Парижская коммуна ХХІ» ЖШС-ның 800-ге жуық шошқасы сатылды. Биыл 22 қарашада мемлекеттік сот орындаушы А.К.Ерекенов бұған дейінгі сот шешімін орындау, сөйтіп, «Парижская коммуна ХХІ» ЖШС-нан мемлекетке 7 млрд теңгеден астам қаржы, жергілікті бюджетке 210 млн теңгеден астам мемлекеттік бажды өндіріп алу үшін ауданаралық экономикалық сотқа өтініш берді. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңның 77-бабына сәйкес, жануарлар тез бұзылатын мүлік ретінде танылып, комиссия шарты бойынша сатуға рұқсат берілді. 24 желтоқсаннан бастап сот орындаушылары сот шешімін орындап жатыр. 27 желтоқсанға дейін 792 бас шошқа сатылды.

Бұған дейін Бестамақ ауылындағы шошқа фермасына қатысты ауыл тұрғындарының жанайқайын жазған болатынбыз.