Биыл миллионнан астам адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтің айтуынша, жұмыссыздар санының қысқаруына «Еңбек» бағдарламасы септігін тигізді.
«Еңбек», Жұмыспен қамтудың жол картасы және басқа да мемлекеттік бағдарламалары аясында 1,3 миллион адам жұмыспен қамтылды. «Жұмыссыздық деңгейі былтырмен салыстырғанда 5%-дан 3-тоқсанда 4,9%-ға дейін, ал жастар арасындағы жұмыссыздық 4-тен 3,7%-ға дейін төмендеді», – деді Серік Шәпкенов.