"Қазгидромет" РМК 1 қаңтардағы ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің шығыс, солтүстік өңірлерінің күн райына суық антициклон ықпал етеді. Онда күн жауын-шашынсыз болады.
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде атмосфера ағынына байланысты күн құбылмалы болады. Жауын жауып, көктайғақ болып, жел күшейеді. Республиканың кей жеріне тұман түседі.
Маңғыстау облысының басым бөлігіне тұман түсіп, күндіз облыстың солтүстік-батысында көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығына тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақмола, Алматы облыстарының оңтүстігі мен шығысында, оңтүстігінде, батысында, Түркістан облысының таулы, тау бөктері аудандарында, солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы, тау бөктері аудандарында, Қызылорда орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығы мен солтүстік-шығысында тұман түседі, Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді.