Түнгі Ақтау: ереуілге шыққан жұрт Ынтымақ алаңында түнеп шықты
Түнгі Ақтау: ереуілге шыққан жұрт Ынтымақ алаңында түнеп шықты
©aibat.kz
497
оқылды

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сұйытылған мұнай газының бағасын төмендетуді талап еткен Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында  Нұрлан Ноғаев жиналғандарға сұйытылған мұнай газ бағасын төмендетуге қатысты Үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді.

Алайда жұрт наразылығы әлі басылар емес. Aibat.kz-тің хабарлауынша, тұрғындар сұйытылған газ бағасын литріне 60-65 теңгеге дейін түсірілуді талап етуде. Ереуілге шыққандар Ынтымақ алаңында түнеп шыққан екен. Митинг алаңына киіз үй тігілген. Жұрт сонда кіріп, жылынып алуда. Тіпті, қаладан шықпақ болған әнші Қайрат Нұртас та видеоға түсіп қалған.