Жаңаөзендіктерді елдің өзге өңірлеріндегі азаматтар қолдап жатыр
Жаңаөзендіктерді елдің өзге өңірлеріндегі азаматтар қолдап жатыр
©stan.kz
652
оқылды

Маңғыстау облысындағы бейбіт шерулер әлі жалғасып жатыр. Қазір Ақтаудағы «Ынтымақ» алаңында 500-дей адам жүр.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау және Жаңаөзен халқымен кездесіп, мәселені диалог арқылы шешуге шақырды. Жұрттың негізгі талабы – газ бағасын төмендету. Наразылық осыдан басталған. Бұл ретте жергілікті билік жеке кәсіпкерлермен келісіп, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында автогаздың бір литрін 120-дан 85-90 теңгеге арзандатуға келіскен. Мән-жайды Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын қарау жөніндегі комиссия анықтайды. Өңірдегі жағдайды көзбен көріп, түбегейлі зерттеу жүргізеді. Дегенмен қазір еліміздің өзге облыс пен қала тұрғындары жаңаөзендіктерді қолдап, митингке шығуда. Олардың қатарына "Қаламқас", "Теңіз" мұнай-газ кен орындарының жұмысшылары қосылды. Сонымен қатар ереуілге Көкшетау, Талдықорған, Орал қалалары мен Түркістан облысының тұрғындары да шықты.