Ақтау мен Мұнайлы ауданын қосатын орталық жолды адамдар жауып тастаған
Ақтау мен Мұнайлы ауданын қосатын орталық жолды адамдар жауып тастаған
312
оқылды

Сонымен бірге теміржол вокзалына апаратын жолды да халық бөгеп тастаған. Бұл ақпаратты Мұнайлы ауданы әкімдігі растағанын «Хабар 24» хабарлады.

Қазір Ақтау қаласында қоғамдық көлік жүрмейді. Қалада түн тыныш өтті. Бейбіт шеруге шыққандар мен тәртіп сақшылары арасында қақтығыстар болған жоқ. «Ынтымақ» алаңына мыңдаған адам жиналып, патриоттық әндер шырқаған. Ал таңғы 4-тер шамасында жиналғандар тарқай бастаған. Таңғы 8-дерде алаңда 70-80 шақты адам ғана бар. Олар осы жерде тігілген шатырлар мен киіз үйлерге орналасқан. Бірақ түске таяу жаңбыр жауғанына қарамастан адамдар қайта әкімдіктің алдына қарай жиналып жатыр. Бүгін түнгі 01:30-да Маңғыстау облысында төтенше жағдай жарияланып, ол қаңтардың 19-ына дейін жалғасады. Енгізілген коменданттық сағат кешкі 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін созылады.