Бас мүфти қазақстандықтарды сабырға, бірлікке шақырды
Бас мүфти қазақстандықтарды сабырға, бірлікке шақырды
©sputnik.kz
372
оқылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

"Алла Тағала ауызбіршілігімізді нығайтып, халқымыздың арман-тілегін орындап, елдің амандығын, бірлігін нәсіп етсін! Біз әрқашан еліміздің амандығы мен келешегі үшін барынша аянбай халқымызбен, жамағатымызбен бірге қызмет етіп келеміз. Алла қызметімізге береке берсін! Әр қазақтың амандығы мен саулығы барлығымызға қымбат! Сондықтан елдің амандығы мен тыныштығын ойлайық!", – деді бас мүфти. Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әрқашан халықпен бірге екенін атап өтті. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=A0LAiQa9hYs[/embed]