Сенат Төрағасы қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты
Сенат Төрағасы қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты
728
оқылды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сентаның Төрағасы Мәулен Әшімбаев қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

"Құрметті достар!
Соңғы күндері еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалар салдарынан біраз азаматымыздан айрылып қалдық. Соған байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Парламент Сенатының және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектеспіз.
Мемлекет басшысының батыл әрі уақтылы шешімдері Қазақстанның бейбіт және қалыпты өмірге тез оралуына мүмкіндік береді.
Осындай күрделі кезеңде біз Президентіміздің айналасына топтасуымыз қажет. Бұл - жағдайды тұрақтандыру, экономиканы қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру және барлық салада жаңа реформаларды іске асыру үшін маңызды қадам" – деді Мәулен Әшімбаев.