Сақтандыру компаниялары тұрақты жұмыс істеп тұр – агенттік
Сақтандыру компаниялары тұрақты жұмыс істеп тұр – агенттік
Фото: news.myseldon.com
389
оқылды

Сақтандыру компаниялары қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

«Сақтандыру төлемдері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уақытылы жүзеге асырылады. Бірыңғай сақтандыру базасы қолжетімді және үздіксіз жұмыс істеуде» делінген агенттіктің ресми хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстанда бүлікшілер қиратқан нысандарға келген шығын көлемі 93 миллиардтан асқанын хабарлаған болатынбыз.