Дінмұхамед Қонаев жайында қызықты деректер
Дінмұхамед Қонаев жайында қызықты деректер
©https://www.6alash.kz
1,866
оқылды

Бүгін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Қонаевтың туған күні.  Соған орай ол жайында қызықты деректерді жинақтадық.

Дінмұхамед Қонаев – КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ. Екіншіден, Дінмұхамед Қонаев КСРО-ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 политбюро мүшесінің бірі болған. Отбасында 11 баланың 4-іншісі екен. Оның бойы – 198 см. Өзі 46 өлшемдегі аяқкиім киген. Негізгі хоббиі қару-жарақ коллекциясын жинаған және аңшылықты ұнатқан. Ең қызығы, Дінмұхамед Қонаевтың жеке күзетшілері болмаған. Өзгелер жеке күзетшілерімен жүргенде, Қонаев жұмысына жаяу барып-келіп жүрген. Содан болар ол кішіпейіл басшы ретінде есте қалған. Абылайхан даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысындағы үш қабатты үйде 24 жыл бойы тұрған. Тіпті, Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы болған кезінде де, қаланың орталығында үш бөлмелі пәтері бола тұра әлгі үйде тұрды. Ал басқа үйге көшкенде Қонаев пәтерін өзінің кадрлық саясатын қатты сынап жүрген жазушы Әлжаппар Әбішевке сыйға тартып кеткен екен. Министрлер кеңесінің төрағасы болғанда Дінмұхамед Қонаев академик атағы үшін өзіне төленетін 340 сом ақыдан бас тартқан. Ол бұл ақшаны балалар мен жас ғалымдарға көмектесу мақсатында жұмсаған. Сондықтан оның жеке басының байлық-дәулетке қызығушылығы байқалмаған.