Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары тағайындалды.
«Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылсын» делінген ресми хабарламада.